Амоксициллин в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению амоксициллина в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток амоксициллина, взаимодействие с другими лекарствами, применение амоксициллина (таблетки) при беременности. Инструкции: Амоксициллин в капсулах; Амоксициллин в порошке;
Торговое название: Амоксициллин
Международное название: Амоксициллин
Лекарственная форма: Таблетки 250 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01C Бета-лактамные антибиотики, пенициллины
J01C A Пенициллины широкого спектра действия
Фарм. группа:
Антибактериальные препараты для системного использования. Бета-лактамные антибактериальные препараты. Пенициллины широкого спектра действия. Амоксициллин. Код АТХ J01CA04
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25оС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять препарат по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки белого или белого с желтоватым оттенком цвета, круглые, со слегка выпуклой поверхностью, с одной стороны риска.

Состав амоксициллина в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество амоксициллина

амоксициллина тригидрат 287 мг (эквивалентно амоксициллину 250 мг)
287 мг амоксициллин тригидраты (250 мг амоксициллинге баламалы)

Вспомогательные вещества в амоксициллине

крахмал картофельный, кальция или магния стеарат, лактозы моногидрат
картоп крахмалы, кальций немесе магний стеараты, лактоза моногидраты

Показания к применению таблеток амоксициллина

  • бронхит, пневмония, ангина, острый средний отит, фарингит, синусит
  • уретрит, цистит, пиелонефрит, эндометрит, неосложненная гонорея
  • перитонит, энтероколит, холецистит, холангит, брюшной тиф
  • лептоспироз, листериоз, менингит, болезнь Лайма (боррелиоз)
  • инфекции кожи и мягких тканей
  • комбинированная терапия гастрита и язвенной болезни (в сочетании с метронидазолом)
  • комбинированная терапия сепсиса (в сочетании с аминогликазидами)
  • бронхит, пневмония, баспа, жедел ортаңғы отит, фарингит, синусит
  • уретрит, цистит, пиелонефрит, эндометрит, асқынбаған соз
  • перитонит, энтероколит, холецистит, холангит, іш сүзегі
  • лептоспироз, листериоз, менингит, Лайм ауруы (боррелиоз)
  • терінің және жұмсақ тіндердің жұқпалары
  • гастрит пен ойық жара ауруын біріктіріп емдеуде (метронидазолмен үйлестіріп)
  • сепсисті біріктіріп емдеуде (аминогликазидтермен үйлестіріп)

Противопоказания амоксициллина в таблетках

  • гиперчувствительность к пенициллинам, цефалоспоринам, карбапенемам
  • аллергический диатез, бронхиальная астма, поллиноз
  • инфекционный мононуклеоз
  • лимфолейкоз
  • печеночная недостаточность
  • псевдомембранозный колит в анамнезе и другие заболевания желудочно-кишечного тракта, вызванные приемом антибиотиков
  • почечная недостаточность
  • беременность, период лактации
  • детский возраст до 6 лет
  • пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге аса жоғары сезімталдық
  • аллергиялық диатез, бронх демікпесі, поллиноз
  • жұқпалы мононуклеоз
  • лимфолейкоз
  • бауыр жеткіліксіздігі
  • сыртартқыдағы жалған жарғақшалы колит және антибиотиктер қабылдаудан болатын асқазан-ішек жолының басқа да аурулары
  • бүйрек жеткіліксіздігі
  • жүктілік, лактация кезеңі
  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Побочные действия таблеток амоксициллина

Часто
  • гиперемия кожи, кожные высыпания, зуд, крапивница, многоформная эритема, синдром Стивенса-Джонсона, токсический эпидермальный некролиз, отек Квинке
  • лихорадка, затрудненное дыхание, ринит, конъюнктивит
  • боли в суставах
  • изменение вкуса, рвота, тошнота, диарея, стоматит, глоссит, дисбактериоз, псевдомембранозный энтероколит
  • нарушение функции печени, умеренное повышение «печеночных» трансаминаз, гепатит и холестатическая желтуха
  • головная боль, головокружение, возбуждение, тревожность, бессонница,
  • атаксия, спутанность сознания, изменение поведения, депрессия, периферическая нейропатия, судорожные реакции
  • тахикардия
  • интерстициальный нефрит
  • кандидоз влагалища
  • обратимая лейкопения, включая нейтропению и агранулоцитоз, эозинофилия
Редко
  • обратимая тромбоцитопения, тромбоцитопеническая пурпура, гемолитическая анемия
Крайне редко
  • удлинение времени кровотечения и протромбинового времени
  • буллезный и эксфолиативный дерматиты, ангионевротический отек, анафилактические реакции, сывороточная болезнь, аллергические васкулиты, анафилактический шок
  • панцитопения
Жиі
  • тері гиперемиясы, тері бөртпелері, қышыма, есекжем, көп түрлі эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, Квинке ісінуі
  • қызба, тыныс алудың қиындауы, ринит, конъюнктивит
  • буындардың ауыруы
  • дәм сезудің өзгеруі, құсу, жүрек айну, диарея, стоматит, глоссит, дисбактериоз, жалған жарғақшалы энтероколит
  • бауыр қызметінің бұзылуы, «бауыр» трансаминазаларының орташа жоғарылауы, гепатит және холестатикалық сарғаю
  • бас ауыру, бас айналу, қозу, үрейлену, ұйқысыздық, атаксия, сананың шатасуы, мінез-құлықтың өзгеруі, депрессия, шеткергі нейропатия, құрысу реакциялары
  • тахикардия
  • интерстициальді нефрит
  • қынап кандидозы
  • қайтымды лейкопения, нейтропенияны және агранулоцитозды қоса, эозинофилия
Сирек
  • қайтымды тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, гемолитикалық анемия
Тіптен сирек
  • қан кету уақытының және протромбин уақытының ұзаруы
  • буллезді және эксфолиативті дерматиттер, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық реакциялар, сарысу құю ауруы, аллергиялық васкулиттер, анафилактикалық шок
  • панцитопения

Особые указания к применению

С осторожностью применяют у пациентов склонных к аллергическим реакциям. С осторожностью следует назначать при почечной недостаточности, кровотечении в анамнезе. При курсовом лечении необходимо проводить контроль состояния функции органов кроветворения, печени и почек. Возможно развитие суперинфекции за счет роста нечувствительной к нему микрофлоры, что требует соответствующей коррекции антибактериальной терапии.

При лечении больных с бактериемией возможно развитие реакции бактериолиза (реакция Яриша-Герксгеймера). У пациентов, имеющих повышенную чувствительность к пенициллинам, возможны перекрестные аллергические реакции с цефалоспориновыми антибиотиками.

При лечении легкой диареи на фоне курсового лечения следует избегать применения противодиарейных препаратов, снижающих перистальтику кишечника. Не применяют при заболеваниях желудочно-кишечного тракта с длительной диареей или рвотой, а также при заболеваниях печени. В комбинации с метронидазолом не рекомендуют применять у пациентов моложе 18 лет.

Особенности применения при управлении транспортным средством и другими потенциально опасными механизмами
Учитывая возможность возникновения побочных эффектов, следует проявлять осторожность при управлении транспортным средством и другими потенциально опасными механизмами.
Аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерде сақтықпен қолданылады. Бүйрек жеткіліксіздігінде, сыртартқыдағы қан кетуде сақтықпен тағайындаған дұрыс. Курстық емдеу кезінде қан түзу ағзаларының, бауыр және бүйрек қызметтерінің жай-күйіне бақылау жасау қажет. Асқын жұқпаның дамуы оған сезімтал микрофлораның өсуі есебінен болуы мүмкін, бұл бактерияға қарсы емді тиісінше түзетуді талап етеді. Бактериемияға шалдыққан науқастарды емдегенде бактериолиз реакциялары (Яриш-Герксгеймер реакциясы) дамуы мүмкін.

Пенициллиндерге сезімталдығы жоғары емделушілерде цефалоспоринді антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Курстық ем аясында жеңіл диареяны емдеу кезінде ішек перистальтикасын төмендететін диареяға қарсы препараттар қолданбаған дұрыс. Диарея немесе құсу ұзақ болатын асқазан-ішек жолының ауруларында, сондай-ақ бауыр ауруларында қолданылмайды. 18 жасқа толмаған емделушілерде метронидозолмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде қолдану ерекшеліктері
Жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін екенін ескеріп, көлік құралын және қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Дозировка и способ применения

Внутрь Амоксициллин следует принимать, запивая достаточным количеством воды, за 1 ч до еды (либо через 2 ч после еды). Разовая доза для взрослых и детей старше 10 лет (с массой тела более 40 кг) составляет 250-500 мг, при тяжелом течении заболевания – до 1 г. Для детей в возрасте от 6 до 10 лет разовая доза составляет 250 мг.

Для взрослых и детей интервал между приемами 8 ч.

При лечении острой не осложненной гонореи – 3 г однократно (в комбинации с пробенецидом).

У пациентов с нарушением функции почек при клиренсе креатинина 10-40 мл/мин интервал между приемами следует увеличить до 12 ч; при клиренсе креатинина меньше 10 мл/мин интервал между приемами должен составлять 24 часа.

У больных с почечной недостаточностью рекомендуется уменьшение дозы во избежание кумуляции амоксициллина. Рекомендуется снизить дозу до 2/3 обычной дозы.

Средний курс – 5-7 дней (при стрептококковых инфекциях не менее 10 дней). Лечение обязательно продолжается еще 48-72 ч после исчезновения клинических признаков заболевания.
Амоксициллинді тамақтануға дейін 1 сағат бұрын (немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң) мол мөлшерлі сұйықтықпен жұтып, ішке қабылдау керек.
Ересектерге және10 жастан асқан балаларға (дене салмағы 40 кг-ден көп) арналған бір реттік дозасы 250-500 мг, ауру ағымы ауыр болған кезде 1 г дейін құрайды. 6-10 жас аралығындағы балалар үшін бір реттік дозасы 250 мг құрайды.

Ересектер мен балалар үшін қабылдаулар арасындағы аралық – 8 сағат.

Асқынбаған жедел созды емдеу үшін – бір реттік 3 г (пробенецидпен біріктіріп).

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілердегі 10-40 мл/мин креатинин клиренсінде қабылдаулар арасындағы аралық 12 сағатқа дейін ұзартылады; 10 мл/минуттан аз креатинин клиренсінде қабылдаулар арасындағы аралық 24 сағат болуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда амоксициллиннің жинақталуын болдырмау үшін дозасын азайту ұсынылады. Әдеттегі дозаның 2/3 дейін дозаны азайту ұсынылады.

Орташа курсы – 5-7 күн (стрептококк жұқпаларында 10 күннен кем емес).

Емдеу аурудың клиникалық белгілері жоғалғаннан кейін тағы 48-72 сағатқа міндетті түрде жалғастырылады.

Взаимодействие с лекарствами

Пробенецид, Аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, НПВП, и др. ЛС, блокирующие канальциевую секрецию, повышают концентрацию амоксициллина в плазме крови. При одновременном применении с аллопуринолом возможно увеличение частоты аллергических реакций со стороны кожи. Диуретики ускоряют выделение амоксициллина, что ведет к уменьшению концентрации действующего вещества в крови. Амоксициллин снижает эффект эстрогенсодержащих пероральных контрацептивных препаратов и существует вероятность кровотечения при одновременном применении. Рекомендуется использовать другие негормональные противозачаточные средства.

Амоксициллин уменьшает клиренс и повышает токсичность метотрексата; усиливает всасывание дигоксина. Фармацевтически несовместим с аминогликозидами. Бактерицидные антибиотики (цефалоспорин, ванкомицин, рифампицин, метранидозол) оказывают синергичное действие. Препараты, имеющие бактериостатический эффект (тетрациклины, эритромицин, макролиды, хлорамфеникол, линкозамиды, сульфаниламиды), оказывают антагонистическое действие и могут нейтрализовать бактерицидный эффект амоксициллина.

Антациды, глюкозамин, слабительные лекарственные средства, пища, аминогликлозиды замедляют и уменьшают абсорбцию амоксициллина. Аскорбиновая кислота повышает абсорбцию амоксициллина. При одновременном применении с антикоагулянтами необходим контроль протромбинового времени, так как увеличивается вероятность кровотечения. Всасывание амоксициллина снижается при его приеме в течение двух часов после приема поглощающих средств, таких как каолин. Поэтому рекомендуется соблюдать интервал не менее 2-х часов между приемом этих препаратов.
Пробенецид, Аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, ҚҚСП және басқа да өзекшелік сөліністі бөгейтін ДЗ қан плазмасында амоксициллин концентрациясын арттырады. Аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда тері тарапынан болатын аллергиялық реакциялар жиілігі ұлғаюы мүмкін. Диуретиктер амоксициллиннің бөлініп шығуын жеделдетеді, бұл қандағы әсер етуші зат концентрациясының азаюына апарады. Амоксициллин ішуге арналған құрамында эстроген бар контрацептивтік препараттар тиімділігін төмендетеді, бір мезгілде қолданғанда қан кету ықтималдығы да бар. Басқа да ұрықтануға қарсы гормональді емес дәрілер пайдалану ұсынылады.

Амоксициллин клиренсті азайтып, метотрексат уыттылығын арттырады; дигоксиннің сіңуін күшейтеді. Аминогликозидтермен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз. Бактерицидті антибиотиктер (цефалоспорин, ванкомицин, рифампицин, метранидозол) синергидті әсер көрсетеді. Бактериостатикалық тиімділігі бар препараттар (тетрациклиндер, эритромицин, макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, сульфаниламидтер) антагонистік әсер көрсетіп, амоксициллиннің бактерицидті әсерін бейтараптандырады.

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізетін дәрілік заттар, тамақ, аминогликозидтер амоксициллиннің сіңірілуін баяулатады және азайтады. Аскорбин қышқылы амоксициллиннің сіңірілуін арттырады. Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда, қан кету ықтималдығының артуына орай, протромбин уақытын бақылау қажет. Каолин сияқты сіңіргіш дәрілер қабылдағаннан кейін екі сағат ішінде амоксициллин қабылдаған кезде оның сіңуі азаяды. Сондықтан осы препараттарды қабылдаулар арасында кемінде 2 сағат аралық сақтау ұсынылады.

Передозировка амоксициллиным в таблетках

Симптомы: тошнота, рвота, диарея, нарушение водно-электролитного баланса.

Лечение: промывание желудка, назначение активированного угля, солевых слабительных, коррекция водно-электролитного баланса, гемодиализ. Симптоматическая терапия.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, су-электролит теңгерімінің бұзылуы.

Емдеу: асқазан шаю, белсенділендірілген көмір, тұзды іш жүргізгіштер тағайындау, су-электролит теңгерімін реттеу; гемодиализ. Белгісіне қарай емдеу.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь быстро и почти полностью (до 93%) всасывается, создавая максимальную концентрацию (1,5–3 мкг/мл и 3,5–5 мкг/мл соответственно) через 1–2 ч. Стабилен в кислой среде, прием пищи не влияет на абсорбцию. Связывание с белками плазмы крови около 17%. Легко проходит гистогематические барьеры, кроме неизмененного гематоэнцефалического барьера, и проникает в большинство тканей и органов; накапливается в терапевтических концентрациях в перитонеальной жидкости, моче, содержимом кожных волдырей, плевральном выпоте, легких (но не в гнойном бронхиальном секрете), слизистой оболочке кишечника, женских половых органах, жидкости среднего уха, желчном пузыре и желчи (при нормальной функции печени), тканях плода.

Период полувыведения составляет 1–1,5 ч. При нарушении функции почек период полувыведения удлиняется до 4–12,6 ч, в зависимости от клиренса креатинина. Частично метаболизируется с образованием неактивных метаболитов. 50–70% выводится почками в неизмененном виде путем канальциевой экскреции (80%) и клубочковой фильтрации (20%), 10–20% — печенью. В небольшом количестве выделяется с грудным молоком. Действие развивается через 15–30 мин после введения и длится 8 ч.
Ішке қабылдаған кезде жылдам және толық дерлік сіңіп (93% дейін), 1-2 сағаттан соң ең жоғары концентрациясын (тиісінше, 1,5-3 мкг/мл және 3,5-5 мкг/мл) түзеді. Қышқылды ортада тұрақты, ас ішу сіңірілуіне әсер етпейді. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 17%-ға жуық. Өзгермеген гематоэнцефалдық бөгеттен басқа, гистогематиялық кедергілерден оңай өтіп, көптеген тіндер мен ағзаларға енеді; емдік концентрацияларда перитонеальді сұйықтықта, несепте, тері күлдіреуіктерінің ішінде, плевралық жалқықта, өкпеде (бірақ іріңді бронх сөлінде емес), ішектің шырышты қабығында, әйелдердің жыныс ағзаларында, ортаңғы құлақ сұйықтығында, өт қалтасында және өтте (қалыпты бауыр қызметінде), ұрық тіндерінде жиналады. Жартылай шығарылу кезеңі 1-1,5 сағат құрайды.

Бүйрек қызметінің бұзылуында, креатинин клиренсіне қарай, жартылай шығарылу кезеңі 4-12,6 сағатқа дейін ұзарады. Белсенді емес метаболиттер түзумен ішінара метаболизденеді. 50-70%-ы өзгермеген күйде өзекшелік сөлініс (80%) және шумақтық сүзіліс арқылы (20%) бүйрекпен, 10-20%-ы бауырмен шығарылады. Аздаған мөлшерде емшек сүтімен бөлініп шығады. Әсері енгізгеннен кейін 15-30 минуттан соң өрбиді және 8 сағатқа созылады.

Фармакодинамика

Амоксициллин является антибиотиком широкого спектра действия из группы полусинтетических пенициллинов, действует бактерицидно. Ингибирует транспептидазу, нарушает синтез пептидогликана в период деления и роста, вызывает лизис микроорганизмов. Активен в отношении грамположительных кокков – Staphylococcus spp. (за исключением штаммов, продуцирующих пенициллиназу), Streptococcus spp. Активен также в отношении грамотрицательных аэробных микроорганизмов: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Klebsiella spp.

Амоксициллин не обладает терапевтическим эффектом практически в отношении всех индолположительных видов Рroteus, Klebsiella spp., Enterobacter spp., Serratia spp., Pseudomonas spp., Stenotrophomonas maltophilia, Citrobacter spp. и бактерий, продуцирующих пенициллиназу. Амоксициллин не является устойчивым к пенициллиназе. Существует полная перекрестная резистентность с ампициллином.
Амоксициллин – жартылай синтетикалық пенициллиндер тобына жататын әсер ету өрісі кең антибиотик болып табылады, бактерицидті әрекет етеді. Транспептидазаны тежейді, бөліну және өсу кезеңінде пептидогликан синтезін бұзады, микроорганизмдер лизисін туындатады. Staphylococcus spp. (пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp. сияқты грамоң кокктарға қатысты белсенді. Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Klebsiella spp. сияқты аэробты грамтеріс микроорганизмдерге де қатысты белсенді.

Амоксициллиннің Рroteus, Klebsiella spp., Enterobacter spp., Serratia spp., Pseudomonas spp., Stenotrophomonas maltophilia, Citrobacter spp. сияқты барлық дерлік индол оң түрлерге және пенициллиназа өндіретін бактерияларға қатысты емдік әсері жоқ. Амоксициллин пенициллиназаға төзімді емес. Ампициллинмен толық айқаспалы төзімділігі бар.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток в контурной ячейковой упаковке из плёнки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной. По 500-1000 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в коробку из картона.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 500-1000 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.